Шымкент полицейлері алаяқты ұстады

Фотография - Шымкент полицейлері алаяқты ұстады

Шымкент полицейлері алаяқтық жасауда күдікті 30 жастағы әйелді ұстады.

164 0

Шымкент полицейлері алаяқтық жасауда күдікті 30 жастағы әйелді ұстады.

Тәртіп сақшыларының мәліметтеріне қарағанда, оны ұстауға қала тұрғындарынан келіп түскен арыздар себеп болды. Барлық жағдайда күдікті бір нұсқа бойынша әрекет еткен. Өзінің «көмегі» үшін ақша алып, қолғабыс ететініне уәде етіп отырған.

Мәселен ағымдағы жылдың 3 ақпанында Абай АІІБ-нің кезекшілік бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым келіп түсті. Оның айтуынша, белгісіз бір әйел жер учаскесін сатып алуда көмек беруге уәде етіп, алдап-арбау арқылы 160 мың теңге сомасында ақша алған. Қаражатты қалтасына басқан ол ізін суытып кете берген. Бір тәуліктен кейін полицияға тағы да бір жәбірленуші арызданды. Ол жұмысқа тұру үшін 100 мың теңге сомасында ақша берген. Жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласы ІІБ АІІБ-нің қызметкерлері 1983 жылғы Шымкент қаласының тұрғынын күдікті ретінде ұстады.

Қазіргі уақытта полицейлер күдікті әйелдің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігін тексеруде. ҚР ҚК-нің 177 бабы бойынша (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!