Атырауда коттедждің жертөлесінен зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды

Фотография - Атырауда коттедждің жертөлесінен зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды

 Атырауда зорлықпен өлтіріліп, отқа оранған екі ер адамның мәйіті табылды.

202 0

Атырауда зорлықпен өлтіріліп, отқа оранған екі ер адамның мәйіті табылды.

«Марқұмдар «Жеті қазына» шағынауданында салынып жатқан коттедждің жертөлесінен табылды. Анықталғандай, екеуі де Атыраудың тұрғындары. Олар құрылыста жұмыс істеген. Тергеу амалдары барысында бұл қылмысты жасауда күдікті ретінде Атырау қаласының 34 жастағы тұрғыны мен уақытша облыстағы елді мекендердің бірінде тұрып жатқан 20 жастағы РФ азаматы ұсталды. Алдын ала болжам бойынша түнде олар марқұмдармен бірге спирттік ішімдік ішкен. Араққа сылқия тойған ер адамдардың арасында дау-дамай басталып, соңы екеуінің өлімімен аяқталды. Осыдан кейін қасқөйлер ер адамдарды өртеп жіберген», - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

ҚР ҚК-нің 96 бабы бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Облыстық ІІД тергеу бөлімі тексеру жұмыстарын жүргізу үстінде.


Тегтер:

табылды мәйіт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!