Алматы облысында төрт көлік соқтығысып, бес адам мерт болды

Фотография - Алматы облысында төрт көлік соқтығысып, бес адам мерт болды

Түрлі дене жарақаттарын алған тағы бес адам ауруханаға жеткізілді

122 0

Алматы облысындағы Самсы ауылында, Алматы-Бішкек тас жолының 74-ші шақырымында сәрсенбі күні сағат 15:00-де тіркемесі бар «Вольво» жүк көлігі мен «ВАЗ» автомашинасы соқтығысты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұдан кейін «Вольвоның» тіркемесі тағы екі көлікпен - «Ауди» және «УАЗ»-бен түйіскен. 

Жол-көлік апатының салдарынан «ВАЗ» көлігінің жолаушылары - екі әйел оқиға орнында мерт болды; ауруханада «Ауди» көлігінің жүргізушісі, оның бір жолаушысы мен «ВАЗ» көлігінде болған тағы бір әйел көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарын алған тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!