Букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды

Фотография - Букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды

Қарағандыда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

228 0

Криминалдық полиция қызметкерлерімен букмекерлік кантордың кассирына жасалған қарақшылық шабуыл фактісіне қатысы бар деген күдікпен екі азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

6 шы ақпан күні ІІД Криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс шаралары барысында 2012 жылдың  10 желтоқсанында букмекерлік кантордың 29 жастағы кассирына жасалған қарақшылық шабуыл фактісіне қатысы бар кәмелеттік жасқа толмаған қос азамат қолға түсті. Естеріңізге сала кетейік 2012 жылдың  10 желтоқсанында Бұқар жырау даңғылының бойында орналасқан Букмекерлік канторға бетперде таққан қос азамат басып кіріп, кассирды тапаншамен қорқытып, 460 мыңнан астам ақшаны жымқырып кеткен.

Жас азаматтар қарақшылық шабуыл фактісі бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді, олардан айғақ заттар алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК нің 179 бабының 2 тармағына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстары үшін жас жігіттерге сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!