БҚО-да адам азаптаған полицейлерге қатысты іс сотқа жолданды

Фотография - БҚО-да адам азаптаған полицейлерге қатысты іс сотқа жолданды

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады

132 0

Арнайы прокурорлар басқармасы БҚО Ішкі істер департаментінің жедел қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 11 маусымында Ақжайық ауданының Ақсуат кенті аумағында аталған екі мекеннің екі тұрғынын заңсыз қамауға алған.

«2011 жылдың маусым айында БҚО Жаңғала ауданы Қызылоба ауылында 17 бас жылқы жоғалады. Осы ұрлықты мойындатпақ болған полицейлер Ақсуат елді мекені аумағында ауылдың екі тұрғынын айдалаға алып шығып, соққыға жыққан. Жәбірленушілердің денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген», деді баспасөз қызметінен.

Полицейлер ҚР ҚК 346 бабы, 2 бөлімі және 141-1 бабы, 2 бөлімі, «а» тармақшасы бойынша заң алдында жауап береді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!