ОҚО-да «Алтын Дән» ЖШС-нің диірменінде ірі өрт болды

Фотография - ОҚО-да «Алтын Дән» ЖШС-нің диірменінде ірі өрт болды

Шымкент қаласында бейсенбі күні таңертең «Алтын Дән» ЖШС-нің жеті қабатты № 1 диірмені ғимаратының астық тазартқыш бункерлерінің 3, 4 және 5-ші қабат деңгейіндегі сыртқы ағаш қаптамалары өртенді

196 0

Шымкент қаласында бейсенбі күні таңертең «Алтын Дән» ЖШС-нің жеті қабатты № 1 диірмені ғимаратының астық тазартқыш бункерлерінің 3, 4 және 5-ші қабат деңгейіндегі сыртқы ағаш қаптамалары өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нен.

Жалын екі сағатқа жуық уақыттан кейін жойылды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 120 адамы мен 15 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 240 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!