Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыс саны 30 пайызға артқан

Фотография - Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыс саны 30 пайызға артқан

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қылмиыстар саны бір жыл ішінде 30 пайызға артып отыр. Бұл жайында ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды

223 0

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қылмиыстар саны бір жыл ішінде 30 пайызға артып отыр. Бұл жайында ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Былтырғы жылды қорытындылауға арналған шұғыл жиын барысында департамент бастығының орынбасары Қайрат Дәлбеков облыстағы қылмыстардың саны 16 742-ден 21 713-ке жеткендігін айтты. Яғни, 29,7 пайызға артқан. Мұның себебін ол ішкі істер органдарында барлық қылмысты тіркеуге алынып жатқандығымен түсіндірді.

Дәлбековтің айтуынша, өңірдегі ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 37,7 пайыздан 41,8 пайызға, ал өте ауыр қылмыстарды 66,1 пайыздан 78,5 пайызға дейін жеткен. Жекелеп айтар болсақ, өлім қылмысын ашу – 76,6, ауыр дене жарақаты қылмысын ашу – 80,5, ұрлық – 37,8, қарақшылық – 67,2, бопсалау қылмысын ашу – 85,3 пайызға дейін жеткен.

«Үйді тонау, мал ұрлығы, бұзақылық және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсімін тоқтату сынды шаралар жүргізіліп жатыр» деді ОҚО ІІД бастығының орынбасары.

Аталған жиын барысында тәртіп сақшылары тарапынан жасалған қылмыстар жайында да айтылды. Департамент бастығының тағы бір орынбасары Нұралы Қырғызалиев жасаған баяндамада 2012 жылы полицейлер үстінен 72 қылмыстық іс қозғалғандығы мәлім болды. Олардың 48-ін ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізген. Сонымен қатар, ішкі істер органдары қатарынан 55 қызметкер жұмыстан қуылыпты. Қырғызалиев қазіргі таңда пагон таққан қаскөйлерге қарсы науқан жүріп жатқандығын да баяндады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!