Жемқорлық жасаған мектеп директоры сотты болды

Фотография - Жемқорлық жасаған мектеп директоры сотты болды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Есімхан Кемелбеков жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс жасағаны үшін сотта жазасын алды

213 0

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Есімхан Кемелбеков жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс жасағаны үшін сотта жазасын алды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш лауазымды тұлға 2012 жылы қызметтік жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне қарасты білім мекемесіндегі оқушылардың санын заңсыз көбейтіп көрсеткен. Бұған қоса маусым айында өткізілген сабақтарға және аттестат алдындағы мемлекеттік емтиханға қатыспаған Б.Ахантай, М.Бұйрашов, К.Сапаров атты оқушыларға қазақ тілі, алгебра, орыс тілі пәндерінің жазба жұмыстарынан негізсіз баға қойғызған. Бұл жұмыстарды мектеп мұғалімдерінің қолымен жасаған ол нәтижесінде жоғарыда аталған түлектердің  жалпы орта білім туралы аттестаттар мен олардың қосымшаларын алуына мүмкіндік жасаған.

Жаңақорған аудандық соты Е. Кемелбековті осы қылмыстық әрекеттері үшін 1 жылға  бас бостандығынан шектеуге үкім шығарды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!