ОҚО тұрғыны қоғамдық орында тапаншадан оқ атты

Фотография - ОҚО тұрғыны қоғамдық орында тапаншадан оқ атты

Шардарада полицейлер қоғамдық орында тапаншадан оқ атқан бұзақыны ұстады

262 0

Шардарада полицейлер қоғамдық орында тапаншадан оқ атқан бұзақыны ұстады.

Шардара АІІБ-не 1983 жылғы жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, қалалық автовокзал маңында орын алған төбелес кезінде оның 22 жастағы танысы қарсыластарды қорқыту үшін тапаншадан ауаға оқ атқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 1990 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Заттық айғақ ретінде ИХ-17 маркалы бір оқпанды қару тәркіленді. ҚР ҚК-нің 251 бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру)  және 257 бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!