Бірі әкесін пышақтап, екіншісі - ұрып өлтірген

Фотография - Бірі әкесін пышақтап, екіншісі - ұрып өлтірген

Ақсу қалалық соты қаланың 21 жастағы тұрғынын әкесін өлтіргені үшін жалпы режимдегі түзеу колониясында бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті

115 0

 Ақсу қалалық соты қаланың 21 жастағы тұрғынын әкесін өлтіргені үшін жалпы режимдегі түзеу колониясында бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлады Ақсу прокуратурасынан.

Өткен жылдың қарашасында бірге арақ ішкен туыстардың арасында ұрыс-керіс туындап, соңы төбелеске ұласты. Баласы төбелес кезінде әкесіне пышақ салған, кейін ол ауруханада көз жұмды. Бұдан басқа,  прокуратураның сотталушыдан жәбірленушіге медициналық көмекті көрсетуге жұмсалған 70 мың теңге көлеміндегі ақшаны мемлекет пайдасына төлеу талабын толық көлемде қанағаттандырды.

ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, Екібастұзда осыған ұқсас оқиға болды. Әкесі мен 23 жастағы баласы әуелі бірге арақ ішіп, одан кейін төбелескен, соның салдарынан «бірнеше қабырғалары сынған, оң жақ өкпесі бүлінген» әкесі қаза тапты.

Адам өлтіруде күдікті танылған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!