Астанадағы 9 қабатты үйде өрт болды

Фотография - Астанадағы 9 қабатты үйде өрт болды

Астанадағы 9 қабатты үйде болған өрт кезінде 30 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, 25 адам құтқарылды

142 0

Астана қаласының Алматы ауданында кеше саат 20.58-де Тәшенов көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жалын 21.16-да ауыздықталып, 21.42-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 35 қызметкері мен 11 техника бірлігі, «АМО» ММ 3 қызметкері мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «ОӨАЖҚЖ» ММ 5 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 15 м2 аумаққа таралды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру кезінде 30 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, 25 адам құтқарылды (соның ішінде 7 бала бар).


Тегтер:

өрт болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!