Ақмола облысында спирттік ішімдік ішу кезінде баласы әкесін өлтірді

Фотография - Ақмола облысында спирттік ішімдік ішу кезінде баласы әкесін өлтірді

1945 жылғы ер адамның мәйіті анықталғаны жөнінде хабарлады.

284 0

Есіл АІІБ-нің кезекшілік бөлімшесіне Қаракөл аулының 46 жастағы тұрғыны телефон шалып, өзінің үйінде, керуетте кеуде тұсына үшкір затпен жарақаттанған 1945 жылғы ер адамның мәйіті анықталғаны жөнінде хабарлады.

Ақмола облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, тексеру амалдарының барысында 9 ақпанға қараған түні шамамен сағат 01.00-де спирттік ішімдік ішу кезінде баласы әкесін өлтіргені анықталды. Араққа сылқия тойған 42 жастағы ер адам мен әкесінің арасында орын алған дау-дамайдың салдарынан баласы марқұмның жүрек тұсын асүй пышағымен жарақаттаған.  Егде жастағы ер адамның денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама белгіленді.

ҚР ҚК-нің 103 бабы, 3 бөлімі бойынша (Адам өліміне әкеп соққан денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ҚР қылмыстық-процессуалды кодекстің 132 бабы бойынша қамауға алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!