Туған күнін атап өтуші досын пышақтап өлтірді

Фотография - Туған күнін атап өтуші досын пышақтап өлтірді

10 ақпан күні таңертең Орал қаласы Ашхабад көшесі бойындағы үйден 1988 жылғы азаматтың мүрдесі табылды.

154 0

10 ақпан күні таңертең Орал қаласы Ашхабад көшесі бойындағы үйден 1988 жылғы азаматтың мүрдесі табылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен  түскен мәліметке қарағанда, осы үйде туған күнге байланысты отырыс болған. Отырыс барысында туған күнін атап өтуші мен досының арасында талас туындап, ол төбелеске ұласқан. Ақыры туған күнін атап өтуші пышақ алып, досының жауырыны мен кеуде тұсынан сұққан. Оқиға орнында пышақ тәркіленді. Мүрде санитарлық-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілді.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!