Оралда парақор Өзбекстан азаматы ұсталды

Фотография - Оралда парақор Өзбекстан азаматы ұсталды

Оралда Өзбекстан азаматы полиция қызметкеріне пара беру үстінде ұсталды.

196 0

Оралда Өзбекстан азаматы полиция қызметкеріне пара беру үстінде ұсталды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тергеуалды іс-шараларын жүргізу барысында 2 ақпан күні сағат 14.30-да Абай полиция бөлімі қызметкерлері Орал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде жалған ақша дайындаумен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Одан 374 дана контрафактілі DVD дискілер,  «Epson» маркілі түрлі-түсті принтер, екі жүйелік блок және басқа да заңсыз қызметке арналған мүліктер тәркіленді.

Бұдан кейін, 1991 жылғы өзбекстандық азамат материал бойынша оң шешім шығару және тәркіленіп алынған мүліктерді қайтарып алу үшін Абай полиция бөлімінің жедел уәкіліне 10 мың теңге көлемінде пара бермек болады. Бұл қылмысы үстінде шетелдік азаматты БҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 312-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіден ел аумағынан шықпау жөнінде қолхат алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!