Түркістанда бір жыл бойы қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Фотография - Түркістанда бір жыл бойы қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды

181 0

ОҚО аумағында бір жыл бойы қарақшылықпен айналысқан топ Түркістанда қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Өткен жылы наурыз айының соңында Түркістан қалалық ІІБ кезекші бөліміне 1954 жылы туған қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер бағбанды ұрып-соғып, үйін тонап кеткенін айтқан.

Сол күні бір сағаттан кейін полиция бөліміне оның көршісі хабарласып, үйіне ұры түскеніне шағымданыпты. Бұл үйден 200 мың теңгенің алтын бұйымдары ұрланған.

11 айдан кейін жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қалалық ІІБ қызметкерлері ОҚО және Қызылорда облысының 1986 және 1988 жылы туған екі азаматын қолға түсірді. Олар бір жыл ішінде бірнеше рет пәтер тонап, мал ұрлаған. Бұған қоса ЖҚС-ға қарақшылық шабуыл жасапты.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдікті азаматтардың бірнеше қылмысқа қатысы барын дәлелдеді. Айғақ зат ретінде пышақ пен ұялы телефон тәркіленген.

Белгілі болғандай, олар ұрланған заттарды жергілікті сауда нүктелеріне өткізіп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратқан.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!