Қарағандыда дәмханаға келуші 3 адамды жарақаттады

Фотография - Қарағандыда дәмханаға келуші 3 адамды жарақаттады

Кеше Қарағанды қаласының облыстық медицина орталығына пышақпен жарақаттанған үш ер адам жеткізілді

215 0

Қарағандыда дәмханалардың бірінде келуші 3 адамды жарақаттады, деп хабарланды Қарағанды облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Кеше Қарағанды қаласының облыстық медицина орталығына пышақпен жарақаттанған үш ер адам жеткізілді. Анықталғандай,  үшеуі туған күн тойлап жатқан дәмханалардың бірінде жарақаттанған. Қарағанды қаласы ІІБ полициясының орталық бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері төбелесті ұйымдастырып, пышақ жарақаттарын салған жанжалды бастаушыны анықтады», - делінген хабарламада.

Ол 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол осындай әрекеттері үшін полицейлердің назарына бірнеше рет іліккен.

ҚР ҚК-нің 257 бабы бойынша (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!