Маңғыстауда педофилияға күдікті ер адам ұсталды

Фотография - Маңғыстауда педофилияға күдікті ер адам ұсталды

Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде, соның нәтижесінде жәбірленушілер мен куәгерлер күдіктіні таныды.

208 0

Маңғыстауда, атап айтқанда Қызыл Өзен ауылында Ақтау қаласы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-тексеру шарасының барысында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты анайы әрекеттер жасаған 1965 жылғы Жеңіс Б. есімді азаматты ұстады.

Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде, соның нәтижесінде жәбірленушілер мен куәгерлер күдіктіні таныды.

«Қазір оның осыған ұқсас оқиғаларға қатысы бар-жоқ екендігі анықталуда. Кейбір фактілер расталуда», - деді Ақтау қаласы бойынша ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы Павел Тарабрин.

«Ер адам өзінің кінәсін жартылай мойындады. өзінің әрекетін «Мен бар болғаны балаларды сабырлыққа шақырдым» деп түсіндірді», - дейді Маңғыстау облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова.

ҚР ҚК-нің 124 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!