Петропавлда мола қоршауларын ұрлаған вандал ұсталды

Фотография - Петропавлда мола қоршауларын ұрлаған вандал ұсталды

Кешкі сағат алтылар шамасында Жұмысшы кентінде патрульдік полицейлер ауыр сөмке арқалаған ер адамды байқайды

151 0

Петропавлда полицейлер мола қоршауларын ұрлаған 35 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы  ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.


Кешкі сағат алтылар шамасында Жұмысшы кентінде патрульдік полицейлер ауыр сөмке арқалаған ер адамды байқайды. Ол тәртіп сақшыларына сөмкедегі металл шынжыр екенін айтады.


"Жағдайды анықтау үшін күдікті екінші полиция бөліміне жеткізіледі. Бұл шынжырды тұрғынның Жұмысшы кентінде орналасқан ескі моладан ұрлағаны белгілі болды. Вандал мұндай әрекетке арақ алу үшін барғанын мойындады.Оқиға орнын тексеру барысында тәртіп сақшылары екі қабірдің темір қоршауы жоқ екенін анықтады",-делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта полицейлер қабірді қорланған адамның туғандарын іздестіруде. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 275 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!