ШҚО-да өрттің салдарынан екі әйел мерт болды

Фотография - ШҚО-да өрттің салдарынан екі әйел мерт болды

ШҚО-да өрттің салдарынан екі әйел мерт болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді

269 0

Кеше сағат 02.55-те Шығыс Қазақстан облысының Қыземшек ауылында жекеменшік үй өртеніп, үйдің үстіңгі жабыны опырылып құлады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Өрт сағат 12.16-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 17 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 100 шаршы метрді шарпып өтті. Өрт орнында 50 және 36 жастағы екі әйелдің мәйіті табылды, 52 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.


Тегтер:

МЭРТ болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!