ШҚО-да өткен тәуліктерде өрт кезінде 4 адам көз жұмды, екеуін күйік шалды

Фотография - ШҚО-да өткен тәуліктерде өрт кезінде 4 адам көз жұмды, екеуін күйік шалды

Қыземшек ауылында өрт сөндіру құрылымдары жекменшік үйден шыққан жалынды сөндіруге шықты. Керме ау автоцистерналардың қозғалысын қиындатты, үйге дейін жақындау мүмкін болмады

211 0

Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткен тәуліктерде өрт кезінде 4 адам мерт болды, екеуін күйік шалды, деп хабарлады ШҚО ТЖД-дан.

Қыземшек ауылында өрт сөндіру құрылымдары жекменшік үйден шыққан жалынды сөндіруге шықты. Керме ау автоцистерналардың қозғалысын қиындатты, үйге дейін жақындау мүмкін болмады. Нәтижесінде өрт сөндірушілер жалынды сөндіру үшін үйден 800 метр аулақта әрекет етті.

Жалынды ауыздықтау барысында үйдің төбесі жартылай опырылып құлады. Үйден 1962 жылғы және 1976 жылғы екі ер адамның мәйіті табылды.

1961 жылғы әйелді күйік шалды.

Сол күні Бесқарағай ауданында жекеменшік үй толығымен отқа оранды. Үйдің ішінен шаруа қожалығында істеген жұмысшылардың мәйіттері табылды.

Бұл факті бойынша ШҚО ТЖД қызметтері тексеру амалдарын жүргізуде. Екі жағдайда да үйді қасақана өртеп жіберу немесе от жағудағы абайсыздық фактілері орын алуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!