56 жастағы ақтөбелік азаматша түрмеге марихуана мен героин өткізбек болған

Фотография - 56 жастағы ақтөбелік азаматша түрмеге марихуана мен героин өткізбек болған

Ақтөбелік полицейлер 168/1 абақтысына есірткі өткізбек болған 56 жастағы әйелді ұстады

198 0

Ақтөбелік полицейлер 168/1 абақтысына есірткі өткізбек болған 56 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Әйел кездесу бөлмесінде 51 жастағы туысқанына азық-түлік беріп жібермекші болған кезде қолға түсті. Соңғысы ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлімімен («Адамның өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру») сотталған.

Тәртіп сақшылары «Данон» йогуртының орамасында өзіндік иісі бар жасыл түсті өсімдік салынған бір целлофан түйіншек пен белгісіз зат сіңдірілген дәке тампонын тапты.

Сараптама актісіне сәйкес алынған зат жалпы салмағы 2-ге жуық грамм марихуана болып шықты, ал дәке тампонына героин сіңдірілгені анықталды.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 259 бабы («Есірткілік заттарды сақтау») бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде, тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!