«Дос» қызын зорлап келген жасөспірім тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды

Фотография - «Дос» қызын зорлап келген жасөспірім тоғыз жылға бас бостандығынан айрылды

17 жасар жасөспірім өзінің 14 жасар «дос» қызын төрт ай бойы зорлап келген.

292 0

Орал қаласы мектептерінің бірінде 10-сыныпта оқыған 17 жасар жасөспірім өзінің 14 жасар «дос» қызын төрт ай бойы зорлап келген.

Александр мен Анастасияның «махаббаты» достықтан басталған. Бір күні ол дос қызын жыныстық қатынасқа икемдейді. Бұл жағдай өткен жылғы ақпанда Жайық жағасында орын алған. Содан кейін бұл қарым-қатынас әр жерде жалғаса берген. Егер қыз бас тартса, оны жалаңаш күйінде  ұялы телефонына түсіріп алған «жігіті»  қорқытып-үркіткен. Тіпті күш қолданған. 25 мамыр күні соңғы қоңырауды атап өту қыздың таяқ жеуімен аяқталады. Оны анасы біліп қойып, бірден полицияға шағымданады.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің бірден үш 120, 121 және 122 баптары бойынша қозғалды. Кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін жасөспірім осылайша 9 жылға бас бостандығынан айрылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!