Алматы облысында анасы екі айлық баласын қылқындырып өлтірді

Фотография - Алматы облысында анасы екі айлық баласын қылқындырып өлтірді

Алматы облысының Үштөбе қаласында туған анасы өзінің екі айлық баласын қылғындырып өлтірді

193 0

Алматы облысының Үштөбе қаласында туған анасы өзінің екі айлық баласын қылғындырып өлтірді.

Қатыгез ана өзінің жасаған қылмысын жасыру үшін «жедел жәрдем» шақырып, баласының тұншыққанын айтты. Дәрігерлер баланың өлімін бірден растады.

«Шақалақтың анасы Наталья Сидинкованың сөзіне қарағанда, бұл оқиға 12 ақпанда орын алған», - деді оқиға орнына келген Қаратал ауданының прокуроры Құралбек Шойбеков. - Ол өзінің азаматтық күйеуі Клицкомен спирттік ішімдік ішкен. Шамамен сағат 19.00-де  араққа сылқия тойған әйелге баласының жылағаны мазасын ала бастаған. Ол кереуетке жақындап, алақанымен сәбидің аузын және мұрнын басып тұрған, ол жылауын тоқтатқан кезде үстіне көрпе жауып, әрі қарай өзінің «көңілді» отырысын жалғастырған. Ол «жедел жәрдемге» тек сағат кешкі тоғыздарға қарай, ұлы Витяның тыныс алмағанын түсінген кезде қоңырау шалған».

Баланың денесінде ұрып-соғу белгілері табылған жоқ. Екі айлық Витя Сидинковтың денесі Талдықорғанда сот-медицина сараптамасына жіберілді. 32 жастағы Натальяның бұған дейін кәмелеттік жасқа толмаған бес баласы болған, алайда ол перзенттерінен бас тартқан. Олардың барлығы Алматының жетімдер үйінде тәрбиеленуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!