ОҚО-да 150 мың теңгеге бала сатылды

Фотография - ОҚО-да 150 мың теңгеге бала сатылды

Облыстық прокуратураның ақпарынша, ОҚО-да кәмелеттік жасқа толмаған баланың сатылып кету фактісі тіркелді

163 0

Облыстық прокуратураның ақпарынша, ОҚО-да кәмелеттік жасқа толмаған баланың сатылып кету фактісі тіркелді.

Жасалған қылмыс жөніндегі ақпарат жергілікті тұрғын әйелден келіп түсті. Ол сәбиді босанғаннан кейін, туыстары оны сатып жіберген. Баланың құнын 150 мың теңгеге бағалаған. Олар Әділет органына баланың Өзбекстанда туғаны жөнінде жалған құжаттарды ұсынған.

Кәмелеттік жасқа толмаған баланы сатып жіберу және жалған құжатты жасау фактілері бойынша Абай ауданының прокуратурасы қылмыстық істер қозғады.

Оған қоса ағымдағы жылдың қаңтарында прокуратура мен Шымкенттегі Абай ауданының полициясы бірлесіп өткізген тексеру барысында кәмелеттік жасқа толмаған баланы сатып жіберудің тағы бір фактісі анықталды. Бұл факті бойынша да қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!