Астанада 16 адамның өліміне себепкер жүргізуші 10 жылға сотталды

Фотография - Астанада 16 адамның өліміне себепкер жүргізуші 10 жылға сотталды

Оқиғаға кінәлі «Шанси» ауыр жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып, емханада басқа адамның фамилиясымен жатып емделген

164 0

Жол апатынан он алты адамның өмірінің қиылуына және жиырма жанның түрлі дене жарақатын алуына себепші болған жүргізушіні Аршалы аудандық соты 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2012 жылдың 19 тамызында сағат 21.12 кезінде Алматы-Екатеринбург тас жолында Бабатай ауылынан 1310 шақырым жерде болған. Апат салдарынан 16 адам қаза тауып, түрлі дене жарақаттарын алған, 20-дан аса адам Астананың және Ақмола облысының Аршалы ауданының емханасына жеткізілген. Оқиғаға кінәлі «Шанси» ауыр жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып, емханада басқа адамның фамилиясымен жатып емделген.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!