Шымкентте жүргізуші жол бермеген көлікке оқ жаудырды

Фотография - Шымкентте жүргізуші жол бермеген көлікке оқ жаудырды

Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

130 0

Шымкентте көлік жүргізушісі жол бермеген екінші көлікке қарай оқ жаудырған. Бұл жайында Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

«Қала көшелерінің бірінде автокөлік жүргізушісі кетіп бара жатқан екінші көлікке қарай травматикалық тапаншамен оқ атқан. Қазір бұл жайт бойынша Әл-Фараби аудандық полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр» делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада.

Оқыс оқиға бейсенбі күні сағат 15.00-дер шамасында қаладағы колледждердің бірінің маңында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ және Nexia көліктері жолды бөлісе алмапты. Ерегіс соңы Nexia жүргізушісі екінші көлікке қарата оқ атуымен аяқталған. Салдарынан ВАЗ көлігін тізгіндеген жігіт дене жарақатымен ауруханаға түсті.

ІІД мәліметі бойынша, оқиғаға қатысы бар екі азаматтың да жасы кәмелеттен асқан. Куәгерлер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында көше қиылысындағы бейнекамера жазбасын пайдалануда.


Тегтер:

оқ жаудырды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!