Алдап 55 миллион теңге алып кеткен

Фотография - Алдап 55 миллион теңге алып кеткен

 деп хабарлайды астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

155 0

Астана қ. ІІД Қылмысты іздестіру басқармасы Елордада ірі көлемде алаяқтық әрекет жасаған Қызылорда облысының тумасы 1981 жылғы Ләйлә Махатоваға қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Л.Махатова электрондық сайт пен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзінің фирмасы Қытайдан арзан бағамен түрлі тауарлар тасымалдап әкеліп бере алады деген хабар таратқан. Бірақ, клиенттерден түскен ақшаны қалтаға басып, өзі тапсырысты орындамай, жұртты алдап жүрген, ақшаларын да кері қайтармаған. Махатованың қанша адамды сан соқтырғаны белгісіз, оны тергеу органдары біле жатар. Дегенмен, көп ақша екені анық. Өйткені, тек бір жапа шегушінің өзінен 55 млн.теңге ақша алған.

Аталмыш факті бойынша, ҚР ҚК 177 бабы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.Қазір Л.Махатованың осыған ұқсас басқа да алаяқтық әрекеттерге қатыстылығын тексеріп жатыр. Осыған орай Астана қ ІІД аталған жаннан жапа шеккен жан болса төмендегі нөмге хабарласуын сұрайды: (7172) 71-62-13, 8-701-465-10-71.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!