Атырауда қаржы полициясы мұнаймен жұмыс жасаған 5 ЖШС басшысына қылмыстық іс қозғады

Фотография - Атырауда қаржы полициясы мұнаймен жұмыс жасаған 5 ЖШС басшысына қылмыстық іс қозғады

 Атырау облысында қаржы полициясы мұнайды заңсыз сату операцияларына күдікті бес компанияның басшыларына қылмыстық іс қозғады.

128 0

 Атырау облысында қаржы полициясы мұнайды заңсыз сату операцияларына күдікті бес компанияның басшыларына қылмыстық іс қозғады.

ҚР ҚК 2-бөлімінің 183-1 бабы «а» тармағымен қылмыстық істер   «Petroline», «Спаргалис Массагет», «Мақат Мұнай Өнімдері», «Альтаир және К», «Альфа 2011» басшыларына қозғалды. 183-бап мұнайдың қайдан алынғанын қуаттайтын құжатсыз тасымалдау, өткізу және сақтау үшін жаза қолдануды көздейді.

ЖШС басшыларына 2012 жылдың шілде-қыркүйек айларында «Қазақмыс Петролеум» ЖШС-ның жалған құжаттарын пайдаланып, 184 млн. теңгеге жуық мұнай және мұнай өнімдерін сатып алып, өткізуге және тасымалдауға күдіктелуде.

Қылмыстық жолмен алынған мұнайдың бір бөлігі Атырау мұнай өңдеу зауытына баратын теміржолда табылған. Ресми емес ақпарат бойынша, мұнай өңдеуге зауыттың қатысы тексерілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!