Семейде өрт кезінде бір адам қаза тапты

Фотография - Семейде өрт кезінде бір адам қаза тапты

Жексенбі кешкілік Семей қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт болды, соңы адам шығынымен аяқталды

115 0

Жексенбі кешкілік Семей қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт болды, соңы адам шығынымен аяқталды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 13 шаршы метр аумаққа тараған жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 58 жастағы әйелдің мүрдесі табылды, 62 жастағы ер адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!