Жамбылдық полиция қызметкері 3 адамның өліміне себепші болды

Фотография - Жамбылдық полиция қызметкері 3 адамның өліміне себепші болды

Жамбыл облысында полиция қызметкері көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кеткен.  

275 0

Жамбыл облысында полиция қызметкері көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам сол мезетте көз жұмды. Оның ішінде 3 жасар бала болған. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Кеше, 17 ақпанда, сағат 19.25-те Жамбыл ауданындағы облыстық маңызы бар Тараз – Аса автожолының 15 шақырымында Аса елдімекенінен Тараз қаласына бет алған «Мицубиши-Паджеро» маркалы автокөліктің жүргізушісі (Тараз қаласының тұрғыны, Жамбыл ауданы ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны), рөлді басқара алмай, қарсы бетке шығып кетеді. Салдарынан 1961 жылы туған жүргізуші М.-ның (Талас ауданының тұрғыны) басқаруындағы «ГАЗ-3110416» маркалы автокөлікпен соқтығысты.

«ЖКО салдарынан жүргізуші М. мен оның жолаушылары (Талас ауданының тұрғындары) 1952 жылы туған У., 1970 жылы туған Ж. және 2010 жылы туған бала К. оқиға орнында көз жұмды. Бұл көліктегі өзге жолаушылар 1985 жылы туған Б. мен 1966 жылы туған Д. әр түрлі жарақатпен Тараз қаласының № 1 ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада. Ақпарат BNews.kz сайтынан.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!