Алматыда Лексус пен Мицубиси көліктерінің соқтығысуынан төрт адам зардап шекті (фото)

Фотография - Алматыда Лексус пен Мицубиси көліктерінің соқтығысуынан төрт адам зардап шекті (фото)

Кеше түнде Оңтүстік астанада «Лексус» пен «Мицубиси» көліктерінің соқтығысуынан 4 адам зардап шекті.

101 0

Кеше түнде Оңтүстік астанада «Лексус» пен «Мицубиси» көліктерінің соқтығысуынан 4 адам зардап шекті. ЖКО түңгі сағат 02:10 шамасында Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Лексус» жүргізушісі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытқа қарай бара жатқан, ал «Мицубиси» жүргізушісі оңтүстік бағытқа қарай. Куәгерлердің айтуынша, «Мицубиси Галант» жүргізушісі Абай даңғылына сол жақтан бұрылмақ болып, «Лексус» көлігімен соқтығысты.

Берілген соққы қатты болғандықтан екі көлікте бірдей зақымданған. «Мицубиси» көлігінде 4 адам болған, соның барлығы ауыр жарақат алған. Төрт адам бірдей қалалық ауруханалардың біріне жедел жәрдем дәрігерлерімен жеткізілді.

ЖКО салдарын жол полиция қызметкерлері анықтайды.


Тегтер:

жол апаты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!