Қарағандыда 18 келі марихуана тәркіленді

Фотография - Қарағандыда 18 келі марихуана тәркіленді

Қарағанды қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 18 келіден астам марихуананы тәркіледі.

142 0

Жедел шаралар барысында 16 ақпанда Қарағанды қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 18 келіден астам марихуананы тәркіледі, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«16 ақпан сағат 21.00-де Қарағанды қаласының Михайлов секторында 26 жасар қарағандылық азаматтың көлігінен 18 келі марихуана табылды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні сату үшін сақтаған», - деп хабарлады полициядан.

Полицейлердің хабарлауынша, қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Ақпарат bnews.kz сайтынан

 


Тегтер:

анаша

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!