Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеті ер адамдардың өмірін сақтап қала алмады

Фотография - Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеті ер адамдардың өмірін сақтап қала алмады

Кеше түнде Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара қаласында «Мәрия апа» құрылыс дүкені күзетшісінің бөлек тұрған үйшігінде өрт болды

131 0

Кеше түнде Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара қаласында «Мәрия апа» құрылыс дүкені күзетшісінің бөлек тұрған үйшігінде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Жалын 17 минуттың ішінде сөндірілді, бірақ оқиға орнында 32 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Бұдан басқа, кеше кешқұрым Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 4 пәтерлі бір қататты тұрғын үйде өрт болды. Жалын ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің (5 адамы мен 1 техникасы) күшімен 13 минутта ауыздықталғанымен, өрт орнында 31 жастағы ер адамның жансыз денесі табылды.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Кузбасс ауылында дүйсенбі күні таңғы сағат 3-те тұрғын үй жалындады. Өртке қарсы қызмет шақырылмады. Тілсіз жау 120 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында 62 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!