Халықаралық іздеуде жүрген азамат қолға түсті

Фотография - Халықаралық іздеуде жүрген азамат қолға түсті

Ақтау қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды.

207 0

Ақтау қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды. Ақпанның 17-і күнгі жол полициясы қызметкерлері «Лада приора» жүргізушісін жол ережесін өрескел бұзғаны үшін тоқтатады.

Жүргізушінің көлік құжаттарын тексеру кезінде оның рөлге мас күйінде отырғаны белгілі болды. Мұнан әрі жүргізушіні дәрігерлік сараптамадан өткізгеннен соң, қалалық Ішкі істер басқармасына жеке басын анықтау мақсатында жеткізеді. Қорытындысында бұл қазақстандық азамат Ресейдің Белград қаласында ұрлық жасағандығы үшін іздеуде жүргендігі белгілі болды. Бүгінде одан өңірден шықпау туралы қолхат алынып, үйіне жіберілді. Мұнан әрі оқиғаның жай жапсарын анықтау мақсатында тексеру амалдары жүргізілмек.

Ақтау қаласында жол ережесін бұзғаны үшін Ангелов Қазақстанның азаматы ұсталған. Тексеру барысында осы азамат Ресей Федерациясы Белград облысында Ішкі істер басқармасында ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүр екен. Ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қолданылған. Ресей федерациясында ұсталған жөнінде ақпарат жіберілген.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!