Көкшетауда аяғы ауыр қызды зорлаған күдіктілер қамауға алынды

Фотография - Көкшетауда аяғы ауыр қызды зорлаған күдіктілер қамауға алынды

Көкшетау соты кеше кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталушы алты күдіктінің екеуін қамауға алуға санкция берді.

176 0

Көкшетау соты кеше кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталушы алты күдіктінің екеуін қамауға алуға санкция берді. Қызды күшпен машинаға сүйреп кіргізген еркек пен мүгедек балалар мектебінің бұрынғы тәрбиешісі қамалды, деп хабарлады облыс прокурорының орынбасары Марат Мағжанов.

Қалған күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу бұрлтартпау шарасы белгіленген, ал таксисттің кім екені анықталу үстінде, деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылдың тамыз айында ішімдікке бөгіп алған бірнеше еркек 17 жастағы аяғы ауыр қызды көлікке күшпен отырғызып, қала сыртына алып кетіп зорлаған. Бұған қоса таксистке төлем орнына қызды «пайдалану» жөнінде ұсыныс жасаған. Ол бас тартқан.

Осыдан соң іштегі баласын жоғалтқан жәбірленуші полицияға шағымданады. Жедел іздестіру шарасы кезінде бес күдікті анықталды, алтыншы күдікті – таксист қана әлі табылмауда. Аталған факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!