Бішкектегі жол апатында 10 қазақстандық азамат зардап шекті

Фотография - Бішкектегі жол апатында 10 қазақстандық азамат зардап шекті

 Бішкекте кеше жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, 12 жолаушы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген

131 0

 Бішкекте кеше жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, 12 жолаушы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Жарақат алған 12 жолаушының 10-ы Қазақстан азаматы екені анықталды. Бұл туралы baq.kz Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталмыш жол-көлік оқиғасы ақпанның 18 күні сағат 03.00 шамасында Қырғыз астанасының Ден Сяопин көшесі бойында болған. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 27 жасар BMW автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тараз-Бішкек» бағытында келе жатқан Mercedes шағын автобусымен соқтығысады. Қақтығыс салдарынан шағын автобус жол жиегінде тоқтап тұрған Audi автокөлігін соғады. BMW көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары оқиға орнында жан тәсілім еткен. Ал зардап шеккен қазақстандық азаматтың төртеуі шұғыл арада ауруханаға жеткізіліп, қалған жолаушыларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!