«Бай баласы жазасын алсын...»

Фотография - «Бай баласы жазасын алсын...»

Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының ұлы күйеуімді өлтірді.

137 0

«Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының ұлы күйеуімді өлтірді. Айыпты жазадан құтылып кеткелі тұр» дейді Жұлдыз Қапарова есімді тұрғын еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жазған хатында.

Шағымданушының айтуынша, қанды оқиға ақпан айының 6-нан 7-қараған түні Көкшетаудағы «Еуразия» түнгі клубында орын алған. Күйеуі Ернар Теміржановқа бір топ жігіт жабылып ұрып, кеудесіне пышақ сұғып алған. Жәбірленуші өзіне келместен көз жұмған.

Оқиға орнынан ізін суытып үлгерген күдіктілерді көшедегі бейнекамералар тауып берді дейді арыз иесі. Ұсталғандар да дәулеттілердің ұлдары екен. Ал, марқұмға пышақ сұққан күдікті – Олжас Дүйсенов Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Дүйсенов Лашынтайдың баласы көрінеді.

«Қылмыстық істі ақшамен жапқалы жатыр деп айтуда. Мысал келтірейін, оқиғадан кейін түсірілген алғашқы видеода марқұмның сыра шөлмегін ұстап жатқандығын анық көруге болады. Ал, екінші қайтара түсірілген бейнеде Ернар пышақ ұстап жатыр. Демек ертең айыптылар өзін-өзі қорғаған болып шыққалы тұр» дейді Жұлдыз Қапарова.

«Ресми түрде жақында ажырасқанбыз. Алайда, қайта қосылуды жоспарлап жүргенімізде қайғылы жайт орын алды. Марқұмның артында бір қызы, анасы мен інісі қалды» деп сөзін қорытындылаған шағым айтушы.

Қалмұханбет Қасымов болса аталған өтінішке әлі жауап қатқан жоқ. Министр бұл істің ақ-қарасын анықтап, тиісті жауабын береді деген үміттеміз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!