Ақмола облысында 2 жасар бүлдіршін тышқан уымен уланды

Фотография - Ақмола облысында 2 жасар бүлдіршін тышқан уымен уланды

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

172 0

Кеше Аршалы кентінде тұратын 2 жасар бүлдіршін «тышқан уымен улану» диагнозымен Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Тексеру барысында анықталғандай, 2 жасар сәби асүйде ойнап отырып, шкафтардың бірінен ұнтақ салынған пакетті тауып алып, оны жеп көрген. Кейін анықталғандай бүлдіршін тауып алған ұнтақ тышқандарды улайтын дәрі болып шықты.

Қазіргі уақытта, кішкентай қыз медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!