ОҚО-да ірі кәсіпкерді өлтірді оның жұбайы деп айыпталып отыр

Фотография - ОҚО-да ірі кәсіпкерді өлтірді оның жұбайы деп айыпталып отыр

Шымкенттегі ірі көлік базарының иесі болған бизнесменнің өліміне оның жұбайы айыпталуда.

102 0

Шымкенттегі ірі көлік базарының иесі болған бизнесменнің өліміне оның жұбайы айыпталуда.

Кәсіпкер 3 жыл бұрын беймәлім жағдайда өлтірілген болатын. Марқұмның анасы ұлының өлтірілгені жөнінде айтып, полицияға арызданды. Сот-медицина сараптамасының қорытындысы бойынша, ер адам аминазинмен уланудың салдарынан мерт болған.

Сараптаманың қорытындысы бойынша АІІБ-де қылмыстық іс (кісі өлтіру фактісі) бойынша қозғалды.

Атап өтейік, үшжылдық тергеу амалдарының қорытындысы бойынша марқұмның өліміне қатысты күдік оның жұбайына түсіп, оған айып тағылды. Тексеру амалдары барысында анықталғандай, оны бұл қылмысқа баруға қызғаныш пен пайдакүнемдік итермелеген. Тергеушілер әйел бір айы бойы күйеуінен жасырып, сусындарына аминазин қосып беріп отырғанына сенімді.

Айта кетейік, бизнесменнің жұбайы 2 айға қамауға алынды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!