10 жасар қызды зорлап өлтірген қылмыскер құрықталды

Фотография - 10 жасар қызды зорлап өлтірген қылмыскер құрықталды

Аймақ полицейлері Жаңа Шүлбі кентінде 10 жасар оқушы қызды айуандықпен өлтірді деген күдікпен 42 жастағы азаматты қамауға алды. Адам өлтіруге қатысты атышулы оқиғаның беті ашылды

193 0

Аймақ полицейлері Жаңа Шүлбі кентінде 10 жасар оқушы қызды айуандықпен өлтірді деген күдікпен 42 жастағы азаматты қамауға алды. Адам өлтіруге қатысты атышулы оқиғаның беті ашылды, деп хабарайды ҚазАқпарат

Бүгін полицияда хабарлағандай, қылмыскер сол кенттің бұрын істі болған, еш жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, қыз баланы зорлау және өлтіру қылмысы барысында күдікті алкогольді мас күйінде болған. Полицейлер жас баланы өлтіру және зорлау қылмысын дәлелдейтін барлық фактілерді жинады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 12 қаңтарында Жаңа Шүлбі кентінде мектепке бара жатқан жолында 10 жасар қыз бала өлтірілді. Оның мүрдесі қираған металды су айдау мұнарасынан табылды. Тергеу барысында анықталғандай, бала алдымен зорланған, кейін буындырылып өлтірілген.  ҚР ҚК-нің 120-шы және 121-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл қылмысты ашу үшін құрамына тәжірибелі із кесушілер, криминалистер мен жеделшілер кірген арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!