Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына келді

Фотография - Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына келді

Бүгін таңертең премеьр-министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі мұнайлы аймақ астанасына жұмыс сапарымен келді

207 0

Бүгін таңертең премеьр-министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі мұнайлы аймақ астанасына жұмыс сапарымен келді. Бұл жөнінде облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев хабарлады.

Б. Сағынтаевты әуежайдан күтіп алған облыс әкімінің жетекшілері бірден алып құрылыс алаңы - «Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігіне арналған кәріз-тазалау ғимараты кешеніне» бастап барды.

Сондай-ақ, бірінші вице-премеьрдің бүгінгі қызметтік сапары өңірдегі «Аманкелді» балық шаруашылығы өндірістік кооперативі мен Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) және Солтүстік-Каспий экологиялық аймағының жұмысын назарға алумен жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев облыстағы ірі құрылыс жобалары болып табылатын хош иісті көмірсутектер өндіру кешені мен мұнайды терең өңдеу зауытындағы құрылыс жұмыстарының жүргізілуімен жақын таныспақ.         

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!