Ақтөбелік үш жігіт «лаңкес» ретінде сотталды

Фотография - Ақтөбелік үш жігіт «лаңкес» ретінде сотталды

 2012 жылғы сәуір айында Ақтөбеде бір топ мұсылман осы оқиғаға байланысты митингіге шығып, "Геом" арақ зауытын жабуды талап еткен еді.

251 0

Ақпанның 19-ы күні жасөспірімдер ісі жөніндегі Ақтөбе қалалық соты «лаңкестікті насихаттады» деген айыппен (қылмыстық кодекстің 233-бабы 1-бөлімінің 2-тармағы) 17 жастағы Саламат Ахетті  3 жылға, 18 жастағы Арслан Жақаев пен 19 жасар Нұрсұлтан Теңізбаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкімді судья Нұрлыбек Ормаханов шығарды.  2012 жылғы сәуір айында Ақтөбеде бір топ мұсылман осы оқиғаға байланысты митингіге шығып, "Геом" арақ зауытын жабуды талап еткен еді.  Оған себеп бөтелкелердің  мойнындағы арабша «Алланың құдыреті бәріне жетеді» деген болатын. Көп кешікпей ҰҚК үш жас ақтөбеліктің үстінен «Геом» компаниясының ғимаратын жарып жібермек болды» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

«Геом» алкогольдік ішімдік өндіруші компаниясын жарып жібермек болды» деген айып даулы арақ шишасы өндіріске шықпай тұрып-ақ 2009 жылы басқа бір ақтөбелік  тұрғынға тағылған болатын

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!