Қызылордада таксистер пышақтасып қалды

Фотография - Қызылордада таксистер пышақтасып қалды

Қызылорданың орталық сауда үйлерінің бірінің маңында көлік орнына таласқан таксистер бір-біріне пышақ жұмсады

146 0

Қызылорданың орталық сауда үйлерінің бірінің маңында көлік орнына таласқан таксистер бір-біріне пышақ жұмсады. Ол жөнінде Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.


«50 жасар қала тұрғыны өзінің «Опель» көлігімен күнделікті жолаушы таситын. Бір уақытта «Мерседес» иесі басқа таксилердің шығар жолын бөгеп машинесін қойған. Көлігіңді жолдан ал деген сөзге машине иесі мән де бермеген», - дейді Жол полициясында.

Осыдан кейін таксистер арасында жанжал шығып, оның аяғы төбелеске ұласқан. Сол кезде «Мерседес» иесі қарсыласына асхана пышағын салып алып, тайып тұрған. Жарақат алған жолаушы болған оқиға жөнінде бірден Жол полициясына хабарлаған. Күдіктіні көлік нөмірі бойынша мәліметтер базасынан тез анықтаған.

Қазіргі күні 20 жасар күдікті ұсталып, Қызылорда қаласының ІІБ-нде қамауда отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!