ОҚО-да жолаушылар автобусына қарақшылық шабуыл жасаған азамат құрықталды

Фотография - ОҚО-да жолаушылар автобусына қарақшылық шабуыл жасаған азамат құрықталды

Шымкент қаласында ОҚО ІІД қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен іздеу жариялаған 28 жастағы азамат құрықтады.

246 0

Шымкент қаласында ОҚО ІІД қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен іздеу жариялаған 28 жастағы азамат құрықтады.

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

Ол топ құрамында Түлкібас ауданының тұсында кетіп бара жатқан ішінде 13 жолаушысы бар автобусқа қарулы шабуыл жасап, 43 мың АҚШ долларын қолды қылған.

«Атап айтқанда, 2009 жылдың ақпан айында күдікті топ құрамында атыс қаруымен қорқыту арқылы Бішкекке кетіп бара жатқан коммерциялық автобусқа қарақшылық шабуыл жасаған», - делінген бұл мәліметтерде.

Бұдан бұрын қылмыстың 5 сыбайласы қолға түсіп, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған болатын.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!