Шахтинск қаласының тұрғыны 1,7 келі героин үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фотография - Шахтинск қаласының тұрғыны 1,7 келі героин үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қарағанды облысының азаматынан 1,7 келі героин тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

193 0

Қарағанды облысының азаматынан 1,7 келі героин тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланды.

Қарағанды облысының есіркіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Долинка елді мекенінде бұрын есірткі қылмысы мен ұрлық фактілері бойынша сотты болған 34 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны қолға түскен. Құрықталған азаматты тінту барысында 1 келі 700 грамға жуық героин заты тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мұндай қылмыс үшін ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал. Тергеу амалдары жалғасуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!