Алматы облысында баласын 6 мың долларға саудаламақ болған ана қолға түсті

Фотография - Алматы облысында баласын 6 мың долларға саудаламақ болған ана қолға түсті

Бұл туралы Алматы облысы ІІД-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

396 0

Алматы облысында 28 жастағы келіншектің өзінің жаңа туған баласын 6 мың долларға сатпақ болған жерінен полиция қызметкерлері ұстады. Бұл туралы Алматы облысы ІІД-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Облыстық ІІД хабарлағандай, басқарма қызметкерлері облыстағы арнайы ұйымдастырылған қылмыспен күресу барысында аталмыш келіншектің қомақты қаржыға жаңа туған нәрестені саудаламақ болғанын анықтаған. Ақпаратты алған соң, бірден шара қолдануға кіріскен.

«Бұл жағдай «Алматы-Бішкек» автожолындағы қонақүйлердің бірінде болған. Ол 6 мың долларға саудаламақ болған. Нәресте 13 ақпан күні туылыпты», деп хабарланады. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеуге алынып жатыр.


Тегтер:

бала сатқан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!