Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды (фото)

Фотография - Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды (фото)

Кеше түнде Алматы қаласындағы ЖКО-да үш қыз көз жұмып, тағы біреуі ауыр жарақат алды.

133 0

Кеше түнде Алматы қаласындағы ЖКО-да үш қыз көз жұмып, тағы біреуі ауыр жарақат алды.

Жол апаты Абай даңғылы мен Мұқанов көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, «Тойота Камри» көлігінің қыз жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытқа қарай өте жоғары жылдамдықта кетіп бара жатқан. Кенеттен Мұқанов көшесінің қиылысына жеткенде қыз жүргізуші көлігін басқара алмай қалады. Оның көлігі жол шетіндегі қысқа бағана мен жарық діңгегіне соқтығысады.

Бұл ретте, көлік бөлшекке бөлініп кеткен. Үш қыз сол жерде көз жұмып, тағы біреуі ауыр жарақат алған. Көліктің салонынан қыздардың денелерін қалалық құтқарушылар алып шықты.

ЖКО салдарын жол полиция қызметкерлері анықтап жатыр.


Тегтер:

жол апаты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!