Жетім балаларды ұрып-соғу фактісін анықтады

Фотография - Жетім балаларды ұрып-соғу фактісін анықтады

Прокуратура Маңғыстау облысы  отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы жетім балаларды ұрып-соғу фактісін анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

163 0

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының прокуратурасымен Маңғыстау облысы білім басқармасының «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ-де заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізілді.

«Прокуратура органдарымен аталған мекемеде жыл сайынғы тексеріс барысында заңбұзушылықтар анықталуына қарамастан, осы тексеру қорытындысы да, мекеме қызметінде осы салада әлі күнге дейін көптеген заңдылықтың бұзылуына, соның ішінде олардың жауапкершілігіне беріліп отырған балалардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілу деректері анықталды», - делінген хабарламада.

Тексеру барысында заңсыз, толық әкелінбеген тауарларға (балалар киімдері) ақша аударуы, ана-тәрбиешінің тәрбиеленушіге қол жұмсауы, біліктілік талаптарына сай келмейтін тұлғалардың, ана-тәрбиеші қызметін атқаруы деректері анықталды.

Тексеру қорытындысымен 1 қылмыстық іс қозғалып, прокурорлық ықпал ету актісі негізінде 4 лауазымды адам жұмыстан босатылды, оның ішінде 1 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!