Шымкентте тағы бір әскери көз жұмды

Фотография - Шымкентте тағы бір әскери көз жұмды

Нөмірі 35/748 әскери бөлімінің сержанты Мақсат Омаров өз үйінің қорасында асылып қалған.

248 0

Нөмірі 35/748 әскери бөлімінің сержанты Мақсат Омаров өз үйінің қорасында асылып қалған.

Үш баланың әкесі мұндай қадамға бірнеше банктен алған несиесін қайтара алмағандықтан баруы мүмкін деген болжам бар. Қазір осы жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал, өткен аптада ғана осы Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің сарбазы өз-өзіне қол салғанын айтқан болатынбыз. Өрімдей жігіттің мұндай қадамға баруына сүйікті қызының басқаға тұрмысқа шығатынын айтуы түрткі болды деген жорамал айтылуда. Қылмыстық іс қозғаған прокурорлар аталған бөлімшенің жауапты басшылары мен психолог мамандарының жұмысын қатаң сынға алып отыр. Енді мұндай келеңсіздіктердің алдын-алу мақсатында арнайы штаб құрылып, жұмыс істейтін болды.

- Осы жиналыстың да мақсаты - әскердегі психологтардың жұмысын жақсарту, рөлін көтеру. Қазірдің өзінде қоғамда, мектеп арасында да былтыр, алдыңғы жылдары өзіне қол жұмсау көбейіп кетті ғой республикада. Сол мектепте болған балдар биыл әскерге келіп отыр. Соның да себебі бар шығар деп ойлаймыз. Ақпарат 1tv.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!