Полиция қызметкерлері телефон алаяғын ұстады

Фотография - Полиция қызметкерлері телефон алаяғын ұстады

Бұл туралы Астана қаласы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

236 0

19 ақпанда Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ-нің кезекшілік бөліміне кешқұрым астаналық тұрғын хабарласты. Оның айтуынша, өзін полиция қызметкері деп таныстырған белгісіз біреу оған қалалық телефонына хабарласып, ұлының келеңсіз жайтқа тап болғанын айтқан.

Әдеттегідей, алаяқтардың «схемасы» бойынша, қамауға алынған ұлына көмектесу үшін полицейлерге белгілі мөлшерде ақша төлеу қажет болды. Түйінді шешу үшін 500 000 теңге талап етілген. Бұл туралы Астана қаласы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Әйел бірден полицияға шағымданған. Оқиға орнына Сарыарқа ауданы бойынша ІІБ-нің қызметкерлері жетті, олар ақшаны тапсыру кезінде 23 жастағы Қостанай облысының С. есімді азаматшасын ұстады. Әйелді тексеру кезінде одан 3 ұялы телефон мен сим-карталар табылды. С. есімді азаматшаның үйін тінту кезінде 4 парик пен 8 сим-карта тәркіленді. 

Қазіргі уақытта оның телефон алаяқтығының 5 оқиғасына қатысы бар екендігі анықталды.

С. есімді азаматшаға қатысты «Алаяқтық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта жас қыз Астана қаласы бойынша ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.


Тегтер:

телефон алаяқ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!